Тәрбие сағаты «Елбасы Жолдауы – біз үшін жаңа белес»

10.10.2018

Елбасының әрбір игі бастамасы мен Жолдаулары Қазақстандықтардың дамуының негізгі қозғаушы күші. Президенттің 2018 жылы 5 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауын М.Жұмабаев атындағы колледждің УХТ-1-18 тобының студенттері тәрбие сағатында зор ықыласпен қабылдады. Елбасы

Жолдауы – біз үшін жаңа белес. Қазақстан Республикасының кемел келешегін бағдарлайтын, дүниежүзілік деңгейде өзінің беделін асқақтатып көрсететін негіз және еліміздің дамуының жаңа көкжиектерін белгілеумен құнды. Егеменді байтақ еліміз Қазақстан бүгінде дамудың даңғыл жолына түсті, халықаралық дәрежеде танылудың жаңа сапалық деңгейіне көтерілді.

Мемлекет барлық бағытқа өз тарапынан барынша қолдау көрсетіп келеді. Елбасы Жолдауда «5 жыл ішінде білім, ғылым, денсаулық сақтау салаларына барлық көздерден жұмсалатын қаражатты ішкі жалпы өнімнің 10 пайызына дейін жеткізу қажет» деді. Бұл отандық білім мен ғылымға және денсаулық сақтау салаларына ғаламат серпін беретін фактор.

Тәуелсіздігімізді сақтап, мемлекетімізді өркендету жолында Елбасы айқындаған стратегиялық бағытты әрдайым ұстансақ, ұлы істерді, жетістіктерді кейінгі ұрпаққа үлгі етіп жалғастырарымыз ақиқат. Бұл –

Қазақстан Республикасының әрбір азаматының міндеті. Келесі жылды «Жастар жылы» деп жариялауды ұсынған Елбасының бүгінгі Жолдауы – бір күнде айтыла салған әңгіме емес, бұл елдің болашағы үшін тереңнен толғанып шешілген өте маңызды тарихи құжат. Сондықтан да, Елбасы

Жолдауын топ студенттері мұқият тыңдады, олар Елбасы саясатымен келіседі және қолдайды.

Сонда ғана біздің Қазақстан ата-бабамыз армандаған қуатты елге айналары сөзсіз.


Кожакенова С.Р.

УХТ-1-18 топ жетекшісі


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст